Астанада теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева қарсылас шақ келтірмеді.
Жібек финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы тартысты матчта 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Осылайша, Құламбаева елімізде мықты теннисшілердің бірі екендігін тағы бір дәлелдеді.
Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңген Іңкәр Дүйсебай қола жүлдеге ие болды.
Еске салайық, 17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанған еді.