×

Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

30.07.2025, 16:03
Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Фото: ҰОК

Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Григорий Ломакин кездесіп, алтын жүлде үшін бақ сынады.

Алайда бұл матч көпшілік күткендей тартысты болмады. Бірінші сет 6:1 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді, ал екінші кезеңде Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қола жүлдені Ислам Орынбасар иеленді.

Әйелдер арасындағы шешуші кездесуде Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова кортқа шықты. Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Үшінші орынды Іңкәр Дүйсебай жеңіп алды.

Новости партнеров