×

Юлия Путинцева теннистен Канадада өтіп жатқан турнирінде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Монреаль қаласында өтіп жатхан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

30.07.2025, 16:08
Юлия Путинцева теннистен Канадада өтіп жатқан турнирінде сәтсіз өнер көрсетті
Фото: ҰОК

Бірінші айналымда ол Қытай өкілі Ханьюй Гомен кездесіп, екі сетте де жеңіліп қалды. Кездесу 6:3, 6:3 есебімен қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, турнирде Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы – Елена Рыбакина қалды. О жарыстые екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – АҚШ өкілі Хейли Баптист.

Новости партнеров