×

Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы ірі турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Ulyssport.

01.08.2025, 11:33
Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің 1/8 финалына шықты
Фото: ҰОК

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.

Рыбакина екі сетте де жеңіске жетті. Бірінші сетте қарсыласы бірде-бір гейм ала алмады.

Кездесу 6:0, 7:6 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда отандасымыз украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Новости партнеров