×

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен «Челленджер» сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

20.08.2025, 14:29
Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Финалда Тимофей италиялық Стефано Травальяны ұтты.

Шешуші кездесу 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс үшін қазақстандық спортшы 75 рейтингтік ұпай жинап, ATP рейтингінде 193-орынға көтеріледі.

Бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада, ал 2024 жылы Аугсбургте өткен «Челленджер» турнирлерінде топ жарған.

Новости партнеров