×

Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Максим Сказобцов Румынияның Отопене қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:36
Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК

Спортшы 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде шешуші кезеңге шықты.

Жартылай финалдық кезеңде ол үшінші болып мәреге жетті. Ал финалға Сказобцов алтыншы нәтижемен іріктелді.

Айта кетейік, финал 21 тамызда өтеді.

Новости партнеров