×

Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирде қола жүлдегер атанды

Қазақстанның үстел теннисі құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Болгарияның Пангарюште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

24.08.2025, 17:52
Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирде қола жүлдегер атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарыс барысында Ақашева италиялық Мириам Карновалені – 3:1, словакиялық Доминика Вильчковты – 3:0, Иран спортшысы Шима Сафаэиді – 3:2 есебімен ұтты.

Алайда украиналық Анастасия Димитренкодан 1:3 есебімен жеңіліп, жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ

Турнирде ширек финалға дейін жеткендер:

  • Жанерке Қошқымбаева (жеке разряд),
  • Владислав Захаров / Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық разряд),
  • Зәуреш Ақашева / Сарвиноз Миркадирова (жұптық разряд),
  • Жанерке Қошқымбаева / Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық разряд),
  • Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова (аралас разряд).
Новости партнеров