×

Жүзуші Максим Сказобцов әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық жүзуші Максим Сказобцов Румынияның Отопень қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі финалға қатысты, деп хабарлайды Ulyssport.

25.08.2025, 16:40
Жүзуші Максим Сказобцов әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды
Фото: ҰОК

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде медальға бір қадам жетпей қалды. Ол төртінші болып мәреге жетті.

Сондай-ақ Максим Сказобцов пен Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде де финалға шықты.

Бұл сында Максим бесінші, ал Жұмағұлов сегізінші орын алды.

Новости партнеров