17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді.
Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр. Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.