×

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында US Open финалына бір қадам жетпей тоқтады

Зангар Нұрланұлы өзінің дебюттік жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінде қазақстандық жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Бүгін, 13:33
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында US Open финалына бір қадам жетпей тоқтады
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол жартылай финалда ITF Juniors рейтингінің бірінші ракеткасына, 2025 жылғы жасөспірімдер Уимблдонының чемпионы болгар Иван Ивановқа 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Дегенмен Заңғар бүкіл турнир бойы көрермендерді тамаша ойынымен қуантты.

Жарыстың алғашқы айналымында ол америкалық Рошан Сантошты (№93 ITF Juniors) 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Кейін поляк Аллан Важныйды (№13 ITF Juniors) 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Үшінші айналымда финляндиялық Оскари Полданиусты (№8 ITF Juniors) 3:6, 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ал ширек финалда 18 жастағы ресейлік Тимофей Дерепасконы (№15 ITF Juniors) 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Бұл – 17 жастағы қазақстандықтың халықаралық деңгейдегі ең ірі жетістігі.

Новости партнеров