×

Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын ала алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

22.09.2025, 15:49
Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады
Фото: ҰОК

Ерлер арасында өткен жекелей сайыста Диас жалпы есепте 189.14 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. 2026 жылғы Олимпиадаға бес үздік спортшы ғана жолдама алды.

Жолдама иегерлері:

1. Петр Гуменник (Ресей) – 262.82

2. Ким Хен Гем (Оңтүстік Корея) – 228.60

3. Донован Каррильо (Мексика) – 222.36

4. Кирилл Марсак (Украина) – 217.57

5. Ли Юйсян (Тайбэй) – 216.98

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр