×

Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

30.09.2025, 16:35
Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

1/8 финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, америкалық Николь Меликар мен ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Матч қорытындысы бойынша Данилина мен Крунич 7:5, 3:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Новости партнеров