×

Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

07.10.2025, 15:22
Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Жарыста отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Теннисшілер алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті.

Кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.

Ширек финалға өту үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша жұбымен кездеседі.

Новости партнеров