×

Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 ірі турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

09.10.2025, 13:32
Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: ҰОК

Жұптық сайыстың 1/8 финалында Данилина мен сербиялық Александра Крунич жапон Сюко Аояма және испан Кристина Букша жұбымен кездесті.

Тартысқа толы кездесу 3:6, 6:4, 12:10 есебімен аяқталды.

Осылайша, Данилина мен Крунич турнирдің ширек финалына өтті.

Новости партнеров