×

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Норвегияның Ферде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

11.10.2025, 12:52
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл додада еліміздің намысын төрт спортшы қорғады. Төменде олардың нәтижелері көрсетілген:

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

  • Едіге Емберді - 6-орын
  • Петр Хребтов - 13-орын

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

  • Әлібек Рахымберді - 11-орын

110 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

  • Сұлтан Мейрам - С тобында 1-орын (қорытынды нәтиже А және В топтарындағы спортшылардың өнерінен кейін белгілі болады).

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Бахрейнде өтетін Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатыспауы мүмкін екенін жазған едік.

Федерацияның атқарушы директоры Зарина Нажбиеваның айтуынша, аккредиттелген ұлттық құрам дайындық жұмыстарын ерте бастап, барлық құжатты уақытылы тапсырған. Алайда тізімді Қазақстан ұлттық Олимпиада комитеті бекіткен кезде ММА енгізілмеген. Осылайша, ресми құрама мүшелері жарысқа жіберілмей отыр.

Новости партнеров