×

Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің 1/4 финалына өтті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 11:43
Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің 1/4 финалына өтті
Фото: ҰОК

Отандасымыз жұптық сында жақсы нәтиже көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) Лаура Зигемунд (Германия) және София Кенин (АҚШ) жұбымен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич 1/4 финалда Николь Меличар-Мартинез (АҚШ) және Людмила Самсоновамен (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

Новости партнеров