×

Almaty Open турнирінің жартылай финалистері кімдер

Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы теннис турнирінің жартылай финалистері белгілі болды, деп хабарлады Ulyssport.

Бүгін, 12:43
Almaty Open турнирінің жартылай финалистері кімдер
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кешегі ширек финалдық соңғы матчта француз ойыншысы Корентен Муте жеңіске жетті. АТР рейтингінде 41-орында тұрған Муте неміс Ян-Леннард Штруффты 1 сағат 51 минутқа созылған кездесуде 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Жартылай финалда 26 жастағы француз теннисшісі АҚШ өкілі Алекс Михельсенмен кездеседі.

Ал ресейлік Даниил Медведев финалға жолдама үшін аустралиялық Джеймс Даквортпен күш сынасады.

Жартылай финалдық ойындар, бүгін, 18 қазанда өтеді.

Новости партнеров