Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA маусымдық қорытынды турниріне қатысу құқығын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл жолдаманы ол Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің жартылай финалына шығу арқылы жеңіп алды.
Жартылай финалға жолдаманы Рыбакина канадалық Виктория Мбокоға қарсы жеңісімен қамтамасыз етті.
Белгілі португалиялық шолушы Жозе Моргадо бұл жетістікті жоғары бағалап, X әлеуметтік желісінде жазды.
«Рыбакина соңғы екі аптада WTA қорытынды турниріне шығу үшін керемет күш салды», – деп тамсанды шолушы.
Маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысатын беделді турнир 1–8 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.