Қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жартылай финалда олар жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букшаны екі сетте – 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Финалдағы қарсыластары сәл кейін анықталады.
Айта кетейік, Данилина мен Крунич дуэті маусым қорытындысы бойынша өтетін финалдық турнирге жолдама алу мүмкіндігін сақтап отыр.
Қазіргі таңда олар чемпиондық жарыс рейтингінде тоғызыншы орында. Сегізінші орыннан (Мухаммад/Схюрнс) небәрі 200 ұпай қалып тұр. Қорытынды турнирге қатысу үшін Токиодағы турнир мен Қытайдағы WTA 250 санатындағы жарыстардың бірінде жеңіске жетуі қажет.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиодағы WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтағанын хабарлаған едік.
Рыбакина денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты.
– Бүгін ойнай алмайтыным өте өкінішті. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100% өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын, бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.