×

Азат Мақсұмның UFC жобасындағы тағдыры белгілі болды

Аралас жекпе-жек спортынан Қазақстан атынан өнер көрсететін Азат Мақсұм UFC ұйымының ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі ростерінен шығарылды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 19:40
Азат Мақсұмның  UFC жобасындағы тағдыры белгілі болды
Ашық дереккөзден

Бұл шешім оның ұйымдағы 1 жеңіс және 3 жеңіліс нәтижесінен кейін қабылданды.

UFC қатарынан египеттік балуан Хамди Абдель Вахаб та кетті. Оның рекорды – 2 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Еске салайық, Азат Мақсұм соңғы рет 26 қазан күні Абу-Дабидегі Etihad Arena-да өткен UFC 321 турнирінде октагонға шыққан болатын. Оның қарсыласы америкалық спортшы Митч Рапозо болды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Рапозоның сенсациялық жеңісімен аяқталды – төрешілер бірауыздан шешім қабылдады (30:26, 29:27, 29:27).

Мақсұм UFC-дегі дебютін Vegas 77 турнирінде өткізді. Ол кезде оның рекорды 16-0 болатын. Әлемдегі ең мықты лигада ол промоушен ардагері Тайсон Намды жеңіп, мансабын жеңіспен бастаған еді.

Аталған жекпе-жек алдында Мақсұм айқын фаворит саналды, алайда октагонда орташа деңгейде өнер көрсетіп, жеңісті төрешілердің бөлінген шешімімен ғана алған болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр