Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан беделді ATP Masters 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жартылай финалда ол канадалық Феликс Оже-Альяссимнен 6:7 (3:7), 4:6 есебімен ұтылды. Турнирде 13-нөмірмен өнер көрсеткен Бублик соңына дейін табанды күрес көрсетті, алайда шешуші ұпай сәттерінде қарсыласына есе жіберді.
Канадалық теннисші матч кезінде 12 эйс орындап, үш брейк-пойнтты өз есебіне жазды. Ал Бублик 5 эйс жасап, екі брейк-пойнтты сәтті пайдаланды және екі қос қателік жіберді.
Феликс Оже-Альяссим финалда Янник Синнермен кездеседі.
Rolex Paris Masters – ATP 1000 сериясындағы ең ірі турнирлердің бірі, оның жүлде қоры 6 миллион еуродан асады.
Еске салайық, бұған дейін әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.