×

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады. Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

03.11.2025, 18:12
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
ҰОК

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын.

Жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.

Новости партнеров