×

Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Ulyssport.

03.11.2025, 18:22
Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты
Фото: ҰОК

Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.

Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.

Новости партнеров