×

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Жапониядағы Гран-при кезеңінде екінші орын алды

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:15
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Жапониядағы Гран-при кезеңінде екінші орын алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл сайыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті.

Самоделкина төрешілердің шешімімен 67,75 ұпай алып, аралық есепте екінші орынға жайғасты.

Атақты жапониялық Каори Сакамото көш бастады – 77,05 ұпай. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ю Ян 67,66 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

Новости партнеров