Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Президент теннисшіні құттықтауында айтты.
– Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым, – деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде үздік шыққан еді.
Осылайша, Рыбакина аталмыш жарыс 1972 жылы ұйымдастырылғаннан бері чемпион атанған алғашқы азиялық теннисші атанды. Бұған дейін қытайлықтар Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024) тек финалға дейін жеткен еді.
Дода барысында барлық кездесуінде жеңіске жеткен Елена 1 500 рейтингілік ұпайға қоса 5,235 млн доллар (2,747 млрд теңге) табыс тапты. Оған қоса дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 5-орынға көтеріледі.