×

Жүзгіш Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 14:40
Жүзгіш Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айбат Мырзамұратов 200 метрге кешенді жүзуден өз іріктеу кезеңінде екінші орын алып, финалға жолдама алды.

Глеб Коваленя мен Максим Сказобцов 100 метрге арқамен жүзуден бастапқы кезеңде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға шықты.

Еске салайық, бұған дейін бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері бірқатар финалдық кезеңдерге жолдама алғанын хабарлаған едік.

Новости партнеров