×

Қазақстандық суда жүзушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын үшін сынға түседі

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзу сайыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.

11.11.2025, 15:29
Қазақстандық суда жүзушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын үшін сынға түседі
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының спортшылары алдын ала кезеңдерге қатысып, аралық жетістіктерге жетті.

Ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) Қазақстан құрамасы бірінші орынмен финалға өтті.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов жартылай финалға шықты.

Глеб Коваленя 50 метрге арқамен жүзуден жартылай финалда бақ сынайды.

Айбат Мырзамұратов та іріктеуден сәтті өтіп, 50 метрге брасс әдісімен жүзуден ақтық сынға шығу үшін күреседі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр