×

Елена Рыбакина рекордтық жүлдемен Гиннес кітабына енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA финалында бұрын-соңды болмаған көлемде сыйақы жеңіп алып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:21
Елена Рыбакина рекордтық жүлдемен Гиннес кітабына енді
Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Эр-Риядта өткен WTA маусымдық финалында топ жарған Елена Рыбакина тарихта алғаш болып 5,235 миллион доллар көлемінде жүлде алған спортшы атанды. Бұған дейін мұндай көлемдегі сыйақы әйелдерде де, ерлер теннисінде тіркелмеген.

Бұл жеңіс Рыбакинаға мансабындағы ең ірі қаржылай табыс әкелді және әлемдік теннис тарихындағы жаңа межені белгіледі. Мәселен, 2025 жылғы US Open жеңімпазы 5 миллион доллар ғана алса, 2024 жылғы ерлер арасындағы ATP финалында Янник Синнер 4,881 миллион доллар иеленген.

Тек 2025 жылдың өзінде Елена Рыбакина 8,456 миллион доллар табыс тапты. Оның мансап бойындағы жалпы жүлде қоры 24,438 миллион долларға жетті.

Бұған дейін де қазақстандық спортшының есімі Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. 2024 жылы Мельбурнда Анна Блинковаға қарсы кездесуде «Үлкен дулыға» турнирлері тарихындағы ең ұзақ тай-брейк — 42 ұпайлық тартысты ойын тіркелген еді.

Новости партнеров