×

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 11:07
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандастарымыз аралас командалық эстафетада жеңіске жетті.

Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екінші кезеңі Астанада 13-15 қараша аралығында "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-алтын медальді салғанын жазған едік.

Новости партнеров