×

Теннисші Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы турнирде жеңіске жетті

18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов мансабындағы ең маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

25.11.2025, 09:40
Теннисші Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҚТФ

Ол Тунисте өткен ITF M15 санатындағы турнирде топ жарды.

Финалда Әмір өзімен құрдас неміс спортшысы Макс Шонхаусты (ATP рейтингінде №824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы жүлдеге қол жеткізу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын ұтты.

Айта кетейік, Шонхаус - ITF Juniors бойынша әлемнің екінші ракеткасы және өткен аптада Тунистегі ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Бұл Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеке титулы.

Новости партнеров