×

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

28.11.2025, 17:32
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі
Фото: ҰОК

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.

Отандасымыз 1/4 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Қытай өкілі Синьжань Хуэйге жол берді.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Моңғолия спортшысы Наранцэцэг Ганбаатарды жеңді.

Қазақстандық дзюдошының келесі қарсыласы испаниялық Ева Перес Солер болмақ.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр