×

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің финалында 6-орын алды

Нагояда (Жапония) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при финалының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 17:16
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің финалында 6-орын алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл додада АҚШ спортшысы Илья Малинин топ жарды. Ол еркін бағдарламада бірден жеті төрттік секіруді орындап, жалпы есепте 332,29 ұпай жинады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (302,41) ие болды. Үздік үштікті тағы бір Жапония спортшысы – Шун Сато (292,08) түйіндеді.

Қазақстандық Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 170,89 ұпай жинады. Жалпы есепте 242,19 ұпай еншілеп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирдің қысқа бағдарламасында 7-орын алғанын хабарлаған едік.

Новости партнеров