×

Теннисші Бублик әлем үздіктерінің қатарына енді

Халықаралық кәсіби теннис қауымдастығы (Association of Tennis Professionals – ATP) «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі маусымның үздік бес камбэгін жариялады. Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен австралиялық Алекс де Минор арасындағы «Ролан Гаррос» турниріндегі матч үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 19:40
Теннисші Бублик әлем үздіктерінің қатарына енді
Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Алғашқы екі сетте жеңіліп қалған қазақстандық теннисші ойынның қарқынын өзгертіп, бастаманы өз қолына алды. Нәтижесінде ол үш сет қатарынан жеңіп, матчты түбегейлі өз пайдасына шешті. Ойынның жалпы ұзақтығы 2 сағат 52 минут болды.

БАСҚА ҮЗДІК КАМБЭКТЕР

Маусымдағы үздік қайтарылыстар қатарына мына кездесулер де енді:

  1. Уимблдон, бірінші айналым: Тейлор Фриц (Америка Құрама Штаттары) — Джованни Мпетчи Перрикар (Франция) — 6:7 (6:8), 6:7 (8:10), 6:4, 7:6 (8:6), 6:4.
  2. Ашық чемпионат Австралия, екінші айналым: Алехандро Давидович-Фокина (Испания) — Феликс Оже-Альяссим (Канада) — 6:7 (7:9), 6:7 (5:7), 6:4, 6:1, 6:3.
  3. «Ролан Гаррос», бірінші айналым: Гаэль Монфис (Франция) — Уго Дельен (Боливия) — 4:6, 3:6, 6:1, 7:6 (7:4), 6:1.
  4. Уимблдон, бірінші айналым: Николас Харри (Чили) — Хольгер Руне (Дания) — 4:6, 4:6, 7:5, 6:3, 6:4.

Новости партнеров