×

Қазақстандық семсерлесуші юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:01
Қазақстандық семсерлесуші юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.

Новости партнеров