Қазақстандық Дмитрий Панарин бадминтоннан Даккада (Бангладеш) өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Отандасымыз жекелей сында үздік нәтиже көрсетті. Финалда Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды 2:1 есебімен жеңді (21:17, 14:21, 21:10).
Айта кетейік, жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан болатын.