Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина үздік бестіктегі орнын сақтап қалды. Ол маусымды әлемнің бесінші ракеткасы ретінде аяқтады.
Юлия Путинцева рейтингте 71-орынға жайғасса, Зарина Диас 285-сатыда тұр. Ал жұптық сында Анна Данилина 15-орындағы орнын сақтап қалды.