×

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 21:01
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов – қосалқы спортшылар.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.

Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гауhар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.

Новости партнеров