×

Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастап, ITF W15 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

05.01.2026, 12:37
Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҚТФ

Жарыс Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.

Финалда 21 жастағы қазақстандық спортшы ресейлік Мария Головинамен бірігіп, жапониялық Ману Кавамура / Хонока Кобаяши жұбын сенімді түрде жеңді.

Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл Аружанның мансабындағы ITF санатындағы бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр