×

Елена Рыбакина теннистен Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.

09.01.2026, 16:08
Елена Рыбакина теннистен Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Фото: ҰОК

Отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші сетті Мухова жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина есепті теңестіре алды. Алайда шешуші сетте чехиялық теннисші басым түсті.

Қорытынды есеп - 6:2, 2:6, 6:4.

Новости партнеров