×

Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысында жеңіске жетіп, негізгі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

11.01.2026, 16:37
Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық теннисші іріктеудің финалында әлемнің 46-ракеткасы, чехиялық Мари Боузковамен кездесті.

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:0).

Путинцева 2 сағат 20 минутқа созылған матч кезінде 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, Юлия Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик 9-титулын жеңіп, үздік 10 теннисшінің қатарына қосылғанын хабарлаған едік.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр