Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлем біріншілігі 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.
Маңызды халықаралық додада ел намысын Тамерлан Жолдас, Анастасия Галечина, Богдан Вехов, Гүлдана Жалмұхан, Павел Цой, Полина Омельчук, Қасымбек Асылхан және Нұрия Алпысбай қорғайды.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан аумағында тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлаған едік.