×

Бублик Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Australian Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:34
Бублик Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алғашқы айналымда Бублик америкалық теннисші Дженсон Бруксбимен (ATP рейтингінде 48-орын) кездесті және оны үш сетте — 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, Александр турнирдің екінші айналымына жолдама алды, ал қарсыласы "Үлкен дулыға" турниріндегі өнерін аяқтады.

Еске салайық, Александр Бублик 2026 жылғы маусымды сәтті бастады: ол Гонконгта өткен турнирде чемпион атанып, карьерасында алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына енді.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай жетістікке Қазақстанның бірде-бір ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсететін теннисшісі қол жеткізбеген.

Новости партнеров