×

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen-дегі алғашқы матчында жеңіске жетті

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 11:56
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen-дегі алғашқы матчында жеңіске жетті
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген. Қазақстандық теннисші сонымен қатар ATP рейтингісінде 1 782-орында келеді.

Ол бастапқы кездесуін жасөспірімдер рейтингісінде 42-сатыдағы таиландтық Кунанан Пантараторнмен өткізді. Заңғар қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан сондай-ақ Даниэль Тазабеков пен Дәмир Жалғасбай бақ сынайды.

Даниэль Тазабеков бүгін швейцариялық Флинн Томаспен ойнайды. Дәмир Жалғасбай ертең Польша өкілі Александр Блашпен кортқа шығады.

 

Новости партнеров