Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы аралық есепте төртінші орында тұрған болатын. Еркін бағдарламада Шайдоров 175,65 ұпай жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 266,20 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.
Жапониялық Као Миура 273,73 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван (273,62) иеленсе, қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Сота Ямамотоға (270,07) бұйырды.
Диас Жиренбаев жарысты 20-орында (185,43) аяқтаса, Олег Мельников 21-сатыға жайғасты (164,34).
Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Аталған дүбірлі дода 6 ақпанда салтанатты түрде ашылады.