Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық теннисші турнирдің төртінші айналымында әлемнің 6-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен кездесті.
Қарсыластар осыған дейін 5 рет кездесіп, соның үшеуінде аустралиялық теннисші жеңген еді. Ал былтыр Бублик қарсыласын екі рет жеңді. Бұл жолы Алекс де Минаур қарсыласын ойсырата жеңді – 6:4, 6:1, 6:1.
Алекс де Минор енді жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен шеберлік байқасады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 20-орындағы америкалық Томми Полды ұтты – 7:6 (8:6), 6:4, 7:5.