Қазақстандық екі боксшы Странджа кубогының финалына шығу үшін бақ сынайды

Редакция Ulyssport

Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында екі қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерлер арасындағы ширек финалдық бәсекелердің нәтижесінде Даниял Сәбит (50 келіге дейін) және Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) ақтық сынға шығу үшін бақ сынайды.

Ал Бағлан Кенжебек (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін), Бекзат Таңатар (85 келіге дейін), Нурмагамед Юсупов (90 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финал 28 ақпанда өтеді.