Тиранада (Албания) күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.
72 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ал грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) мен Лаура Алмағамбетова (55 келіге дейін) чемпион атанған еді.
Сондай-ақ әйелдер құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына жайғасты.