×

Новак Джокович алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды

Сербиялық теннисші Олимпиада ойындарының жекелей сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

04.08.2024, 21:54

37 жастағы Новак Джокович финалдық ойында испандық Карлос Алькарасты 7:6 (3), 7:6 (2) есебімен жеңді. Матч 2 сағат 52 минутқа жалғасты.

Қос теннисші бұған дейін бір ай бұрын атақты Wimbledon үлкен дулығасының финалында да кездесіп, Карлос Алькарастың пайдасына шешілген болатын.

Новак Джокович 2008 жылдан бері Олимпиадаға тұрақты қатысып келсе де, енді ғана чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Новости партнеров