×

Бүгін Олимпиадада еркін күрес балуандары бозкілемге шығады

Бүгін Францияның астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиялық ойындарының кезекті жарыс күнінде еркін күрестен ұлттық құрама команданың балуандары бозкілемге шығады, деп хабарлады Ulyssport.kz.

08.08.2024, 09:11
olympic.kz

Бұл белдесуде Мейрамбек Қартбай (57 кг) мен Азамат Дәулетбеков (86 кг) күш сынасады.

Байдарка мен каноэде ескек есу жарысында әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықта Мария Бровкова жарыс жолына шығады.

Бүгін сондай-ақ, көркем гимнастикадан Елжаңа Таниева жарысты бастайды.

Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жарыс жолына шығады. Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартқан Әмір Маймұратов ширек финалда бақ сынайды.

Бүгін түнде грек-рим күресінен Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр