×

Бейжің қысқы Олимпиадасы: Мәнерлеп сырғанаушылар 2 жылдан кейін жүлдесін алды

Мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыстың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

08.08.2024, 17:02
Бейжің қысқы Олимпиадасы: Мәнерлеп сырғанаушылар 2 жылдан кейін жүлдесін алды

Кеше Париж төріндегі Чемпиондар саябағында мәнерлеп сырғанаудан командалық сайыс бойынша 2022 жылы өткен Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды.

2 жыл бұрын өткен сайыста Ресей құрамасы (Бейтарап ел ретінде қатысты) топ жарғанымен, команда сапындағы Камила Валиева допинг тесттен өте алмай, ұпайлары кеміді. Бұл спортшының 2021 жылдың желтоқсан айында тапсырған допинг сынамасынан триметазидин табылған болатын. Ал оның нәтижесі тек Олимпиададағы командалық сайыстан кейін ғана белгілі болды. Садарынан Халықаралық Олимпиада Комитеті Камила Валиеваға қатысты ресми шешім шықпайынша командаларды марапаттамауды жөн деп шешті. Ал ресми шешім тек 2024 жылдың қаңтар айында ғана шығып, Камила Валиева 4 жылға спорттан шеттетілді. Ал ұпай қорытындысы бойынша, АҚШ-тың күміс жүлдесі алтынға, Жапонияның қола жүлдесі күміске айналды. Чемпион болған Ресей (Бейтарап ел ретінде қатысты) қола жүлдегер деңгейіне түсіп қалды. Міне енді тағы 7 ай өткен соң, жүлдегерлер ресми түрде марапатталды.

“Біз көптен күткен жүлдемізді алдық. Жүлденің арқасында Эйфель мұнарасын көрдім”, – деді, АҚШ құрамасының спортшысы Мэдисон Чок.

Марапаттау рәсіміне Ресейдің мәнерлеп сырғанаушылары шақырылмады.

 

Новости партнеров